13.12.2006, 10:17 1692

ҚР сыртқы істер министрі Ресейдің , Италияның және Ауғанстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

АСТАНА. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today. Кеше ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Ресей Федерациясының, Италияның және Ауғанстан Ислам Республикасының елшілері - Михаил Бочарниковты, Бруно Паскуиноны, Азиз Арианфарды қабылдады. Бұл жөнінде ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел дипломаттарын қызметтерімен құттықтаған сыртқы істер министрі олармен екі жақты қарым қатынастың маңызды мәселелерін талқылады.

Қ.Тоқаев ресейлік дипломатпен кездесуінде шекаралық, отын энергетикалық кешені саласындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасып, ғарышты бірлесе игеру тұрғысындағы Қазақстан мен Ресейдің ықпалдастығы туралы мәселені талқылады. Сонымен қатар тараптар ТМД мен халықаралық ұйымдар кеңістігіндегі интеграциялық процесстер ясындағы ҚР мен РФ ықпалдастығын қарастырды.

Италияның елшісімен болған кездесуде сауда экономикалық, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жоғары технологияны және қызметтерді дамыту салаларындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысында сөз болды.

Сонымен қатар, ауғандық дипломатпен кездесуде екі жақты ынтымақтастық жолдарын нығайту жөнінде сөз болды.

Қ.Тоқаев, соднай ақ, кеше біздің елдегі қызметі аяқталған Үндістан Республикасының елшісі Ашока Мукерджиді қабылдады. Министр Үндістан дипломатына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп , алдағы елшілік қызметіне табыстар тілеп, ҚР СІМ сенім грамотасын тапсырды. Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Астана мен Дели арасындағы ықпалдастықың келешегі жөнінде пікір алмасты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны