02.04.2007, 18:18 3443

ҚР сыртқы істер министрі Түркияға ресми сапармен барады

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. 4-5 сәуір аралығында ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елшінің айтуынша, сапар бағдарламасында, Түркия Республикасының президенті Ахмед Недждет Сезермен, және Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесулер жоспарланған.

"Кездесулер барысында екіжақты сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың ахуалдары мен болашағын талқылау, сондай-ақ, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу көзделуде", деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны