26.05.2008, 17:06 2714

ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады

ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"26 - 30 мамырда ҚР сыртқы істер вице-министрі Н.Ермекбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа сапар жасайды", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, "Вашингтонға сапары барысында Қазақстандық дипломат мемлекеттік департаменттің және АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп, АҚШ-тық әріптестерімен ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту тақырыбын талқылайды". "Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азияның зерттеумен шұғылданатын американдық сарапшылармен жүздеседі", - деді СІМ өкілі.

"Сондай-ақ, Н. Ермекбаев АҚШ президенті Буштың Краков бастамасы деген атаумен белгілі 2003 жылғы қару тарату қауіпсіздігі жөніндегі бастамаға қатысушы елдердің бесінші мерейтойлық кездесуіне қатысады. Нью-Йоркте БҰҰ басшылығымен ислам әлемі мен батыс арасында диалог орнату жөніндегі Қазақстанның бастамасын шешуші халықаралық ұйым тарапынан қолдау жөнінде кездесулер өткізіледі", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны