18.06.2012, 17:51 3456

ҚР сыртқы саясатының азиялық бағыты Орталық Азия бойынша көршілермен көпжақты ынтымақтастықты қарастырады

Алматыда Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы брифингіде ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - ҚР сыртқы саясатының азиялық бағыты Орталық Азия бойынша көршілермен көпжақты ынтымақтастықты қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы брифингіде ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Өз сөзінде сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өз сөзінде, бүкіл әлемде болып жатқан маңызды өзгерістерді басшылыққа ала отырып, бүгінгі таңда ел дипломаттарынан орасан зор тәжірибе мен заманның талабына сай уақытылы әрі тиесілі іс-қимылдар мен ұстанымдарды қабылдау талап етіледі, деп атап көрсетті. Бұл жағдайда талдамалық болжамдар жасау жұмысының, сондай-ақ министрліктер жанында Қазақстанның сыртқы саяси бағыты мен халықаралық бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі жаңа идеялар мен ұсыныстарды беруге қабілетті сарапшылық алаңдар құрудың маңызы арта түседі", - деді А.Ибибуллаев.

Аталмыш Кеңес Мемлекет басшысының 2012 жылғы сәуір айында Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында берген тапсырмасына орай сыртқы саясат ведомствосының жанында құрылып отыр. Кеңестің бірінші отырысы еліміздің сыртқы саясатындағы азиялық бағытты дамыту бойынша тұжырымдамалық көзқарастарды талқылауға және басқа да сыртқы саяси басымдылықтарға арналды. Сондай-ақ 3 миллиардтан астам халқы бар 24 мемлекетті қамтитын АӨІСШК-тың қауіпсіздік саласында Азияда қазақстандық бастамаларды одан әрі ілгері жылжытуының, оны толыққанды ұйымға айналдырудың маңызы, азиялық мемлекеттермен мәдениетаралық және дінаралық диалогтың, олардың мемлекеттік құрылыс тәжірибесін зерделеудің қажеттігі атап көрсетіілді.

Пікірсайыс барысында кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының азиялық бағытында Орталық Азиядағы біздің көршілермен көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын баса айтты. Бұл өзара іс-қимылдың мақсаты болашақта Қазақстан Президенті ұсынған Орталық-азиялық мемлекеттер одағын құруда ықпалдастық үдерістерді ілгілері жылжыту болмақ. Жалпы, отырысқа қатысушылардың пікірінше Қазақстанның қазіргі таңдағы сыртқы саясатына азиялық елдермен қарым-қатынастарымызды дамытып, жан-жақты әрі байсалды ұстаным қажет.

ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси Кеңестің келесі отырысы 2012 жылдың екінші жартыжылдығында өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны