12.02.2013, 16:49 6836

ҚР Үкіметі мен "Тойота Мотор Корпорэйшн" Қазақстанда жол талғамайтын Toyota Fortuner шығару туралы меморандумға қол қойды

Аталған меморандумға Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев пен "Тойота Мотор Копорэйшн" аға басқарушысы, Тойота Мотор Европа президенті мен бас директоры Дидье Леруа қол қойды.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Үкіметі мен "Тойота Мотор Копорэйшн" арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, бұл жол талғамайтын Toyota Fortuner-ді Қазақстанда өндірудің бастамасы болмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған меморандумға Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев пен "Тойота Мотор Копорэйшн" аға басқарушысы, Тойота Мотор Европа президенті мен бас директоры Дидье Леруа қол қойды.

"Тойота Мотор Казақстан" ЖШС мәліметіне сай Тойота автокөліктерін Қазақстанда шығару 2014 жылдың көктемінде Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" ЖШС базасында жүзеге асырылады және жыл сайын шамамен 3 мың көлік шығару көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны