06.02.2008, 17:43 2982

Кремльде Путин мен Кәрімовтың кездесуі болып өтті

Кремльде Путин мен Кәрімовтың кездесуі болып өтті

Мәскеу. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мәскеуде Өзбекстан және Ресей президенттері - Ислам Кәрімов пен Владимир Путиннің кездесуі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сайлау мен ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы сапарыңызды Ресейден, Мәскеуден бастағаныңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Біз үшін бұл біздің қатынастарымыз бұрнағы жылдардағыдай дами беретіндігінің белгісі іспетті. Ол екіжақты қатынастарда жаман болған жоқ. Екіжақты тауар айналымының өсімі өткен жылы 37 % өсіп, 3 млрд долларға жақындағанын айтсақ та жеткілікті", - деді В. Путин И. Кәрімовпен кездесуі кезінде.

"Сайлаудан кейінгі алғашқы сапарымды Мәскеуден бастауымда айрықша нышан бар. Бұл екі елдің арасында қалыптасқан ерекше қатынастарды - Өзбекстан мен Ресей арасындағы бір-біріне деген құрметті тағы бір рет дәлелдей түседі", - деді И. Кәрімов Ресей президентінің сөзін қостап.

В. Путин екіжақты қатынастардың саяси жағы тұрақты және сенімді екенін атап көрсетті. "Осылай жалғаса береді деген ойдамын. Кездескеніме және екіжақты және аймақтық проблемалар бойынша әңгімелескеніме қуаныштымын", - деді ол.

Кәрімов Ресей мен Өзбекстанның қатынастарына оң баға беріп, ол мөлшері жоғары және тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын атап көрсетті. Атап айтқанда, негізінде 2005 жылдың қарашасында қол қойылған тарихи құнды құжат - Стратегиялық қатынастар және одақтық құжаты жатқан мықты құқықтық негіздеме құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны