06.02.2008, 18:44 2913

Кремльде Путин мен Кәрімовтың кездесуі болып өтті (толықтырылған нұсқасы)

Кремльде Путин мен Кәрімовтың кездесуі болып өтті (толықтырылған нұсқасы)

Мәскеу. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мәскеуде Өзбекстан және Ресей президенттері - Ислам Кәрімов пен Владимир Путиннің кездесуі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сайлау мен ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы сапарыңызды Ресейден, Мәскеуден бастағаныңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Біз үшін бұл біздің қатынастарымыз бұрнағы жылдардағыдай дами беретіндігінің белгісі іспетті. Ол екіжақты қатынастарда жаман болған жоқ. Екіжақты тауар айналымының өсімі өткен жылы 37 % өсіп, 3 млрд долларға жақындағанын айтсақ та жеткілікті", - деді В. Путин И. Кәрімовпен кездесуі кезінде.

"Сайлаудан кейінгі алғашқы сапарымды Мәскеуден бастауымда айрықша нышан бар. Бұл екі елдің арасында қалыптасқан ерекше қатынастарды - Өзбекстан мен Ресей арасындағы бір-біріне деген құрметті тағы бір рет дәлелдей түседі", - деді И. Кәрімов Ресей президентінің сөзін қостап.

В. Путин екіжақты қатынастардың саяси жағы тұрақты және сенімді екенін атап көрсетті. "Осылай жалғаса береді деген ойдамын. Кездескеніме және екіжақты және аймақтық проблемалар бойынша әңгімелескеніме қуаныштымын", - деді ол.

Кәрімов Ресей мен Өзбекстанның қатынастарына оң баға беріп, ол мөлшері жоғары және тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын атап көрсетті. Атап айтқанда, 2005 жылдың қарашасында қол қойылған тарихи құнды құжат - Стратегиялық қатынастар және одақтастық құжаты негізінде болған мықты құқықтық негіздеме құрылған.

И. Кәрімов сондай-ақ, ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ЕурАзЭҚ секілді халықаралық ұйымдарда Өзбекстан мен Ресейдің тұғырнамасы көптеген мәселелер бойынша бір жерден шығып жататынын атап көрсетті.

"Екі елдің ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және ЕурАзЭҚ сияқты ұйымдар аясындағы үйлестірушілік іс-әрекеттерінің белсенділігі артып келеді. Өзбекстан мен Ресейдің тұғырнамасы мен көзқарасы көптеген мәселелер бойынша іс жүзінде сай келетін БҰҰ мен ШЫҰ аясындағы өзара ынтымақтастықтың конструктивтік сипатын атап өткім келеді", - деп мәлімдеді И. Кәрімов.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының президенті В. Путин жеке кездесу кезінде ел басшылары екі жақты қарым-қатынастардың барлық жақтарын қарастырғандарын хабарлады. "Ең бастысы - Ресей-Өзбекстан қатынастары ең жоғары деңгейде екенін және одақтық қатынастардың талаптарына жауап бере алатындығын дәлелдедік", - деді В. Путин.

Кездесу барысында мәлімдеме жасалып, екі басты құжатқа қол қойылады. Алғашқысы - Ресейдің "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы" мен "В.П. Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігі" арасындағы келісім. Өзбекстан Ташкент зауытының 50 пайыз және тағы бір акциясын "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы" акциясының қосымша эмиссиясының төлемі ретінде береді. Екіншісі - 2012 жылға дейін арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны