Система Orphus

Кувейт премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

03.12.2007, 16:48 2893

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кувейт премьер-министрі шейх Насер аль Мухаммед аль-Ахмада ас-Сабах ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте хабарлады.

Оның нақтылауынша, сапар ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10 мен 12 аралығына межеленген. "Сапар барысында Кувейт премьер-министрі ел басшылығымен кездеседі. Бұл кездесулердің барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша, соның ішінде екі жақ бірдей мүдделілік танытып отырған өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

Ең көп оқылғаны