23.09.2011, 13:02 4345

Лама Шариф еуропалық дипломаттармен Қазақстанның мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда діни жоралар мен рәсімдер жасауға тыйым салу мәселелерін талқылады

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" жаңа заңжобасын Франция елшісі Жан-Шарль Бертонэмен, Аустрия елшісі Урсула Фарингермен және Италия елшісі Пиери Альбертомен бірге талқылаған.

Астана. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

News.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" жаңа заңжобасын Франция елшісі Жан-Шарль Бертонэмен, Аустрия елшісі Урсула Фарингермен және Италия елшісі Пиери Альбертомен бірге талқылаған.

"Сындарлы сөз алмасуы барысында еуропалық дипломаттарды мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда діни жоралар мен рәсімдер жасауға тыйым салу мәселелері, шетелдік дін таратушыларды тіркеу тәртібі, Қазақстан аумағындағы діни бірлестіктердің жаңа мәртебесі мен қызметі төңірегіндегі сұрақтар қызықтырды", - делінген хабарламада.

"Шет елдердің ресми өкілдері елдегі діни ахуал жайында ақпараттардан толық хабардар болды - шетелдік елшілер Қазақстанда діни наным негізінде ешқандай қарама-қайшылық жоқ екеніне өздері көз жеткізді", - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің Қ. Лама Шарифке сілтеме жасап хабарлағанындай, қазір мемлекет алдында қазақстандық брендті - толеранттылық пен өзара келісімді сақтау міндеті тұр. Осы мақсатта Агенттік алдына зайырлы қоғамда дін рөлінің маңызы мен мәнін түсіндірумен байланысты міндеттер қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны