11.06.2010, 17:06 4254

Лаңкестікпен күрес ШЫҰ қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек - Назарбаев

Н. Назарбаевтың айтуынша, терроризммен күрес ШЫҰ-ның қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. "Бұл бағытта ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымы белсенді жұмыс істеуде. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын ескергенде, Өңірлік антитеррорлық құрылымның Атқарушы комитеті мен ЕҚЫҰ-ның Антитерорлық бөлімі арасындағы байланыстарды тереңдетудің жақсы мүмкіндігі бар", - деді Н. Назарбаев.

Алматы. 1-маусым. Kazakhstan Today - Лаңкестікпен күрес ШЫҰ қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл туралы бүгін Ташкентте ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесінде ҚР президенті Н.Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Н. Назарбаевтың айтуынша, терроризммен күрес ШЫҰ-ның қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. "Бұл бағытта ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымы белсенді жұмыс істеуде. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын ескергенде, Өңірлік антитеррорлық құрылымның Атқарушы комитеті мен ЕҚЫҰ-ның Антитерорлық бөлімі арасындағы байланыстарды тереңдетудің жақсы мүмкіндігі бар", - деді Н. Назарбаев.

"ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1267 комитетімен және Контртеррорлық комитетімен, Интерполмен және БҰҰ аясында жұмыс істейтін Есірткі жөніндегі басқармамен және Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық-үйлестіруші орталықпен іс жүзіндегі іс-қимылын кеңейту қажет", деп атап өтті
Президент, Контртеррорлық ынтымақтастықтың келісімшарттық-құқықтық базасын дамытудың маңызы зор екендігін атап көрсетті. "Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы Қылмыспен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығын қош көрді", - деді Мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны