13.05.2008, 19:33 2985

Литва Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытады

Литва Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Литва Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытады. Бұл туралы Литваның премьер-министрі Гедиминас Киркилас Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз энергетиканың аса маңызды мәселелерін талқыға салдық. Бұл Литва үшін өте маңызды", - деді премьер. "Литва газдың балама тасымалын қажетсініп отыр. Бұл мұнайға да қатысты болуы мүмкін", - деп атап көрсетті ол.

Литва үкіметінің басшысы бұл Литваның Игналин атом станциясын жабу ниетімен байланысты екенін түсіндірді. "Мен атом станциясын жапқаннан кейін Литваны не күтіп тұрғаны жайлы айттым. Біз бір блокты жаптық. Енді қалған екіншісін келер жылдың соңына дейін жабуды ойлап отырмыз", - деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, Г. Киркиластың айтуынша, келіссөздер барысында Клайпедадағы сығымдалған газ терминалының құрылысы және осы жобаға Қазақстан жағының қатысуы жайында әңгіме өрбіген. "Мен сығымдалған газ терминалын салу жоспары жайлы айттым. Менің ойымша, Н. Назарбаев айтқандай, сығымдалған газ өндіре бастаған Қазақстан терминал құрылысына немесе сығымдалған газбен қамтамасыз етуге қатысады", - деді ол.

Сондай-ақ, Литва үкіметінің басшысы Қазақстанды Литвадағы логистика орталығының құрылысына қатысуға шақырды. "Біз жақында елімізде үш логистика орталығын салу жөнінде шешім қабылдадық және Қазақстанды осы жобаларға қатысуға шақырамыз", - деді Литва үкіметінің басшысы Г. Киркилас.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны