08.06.2009, 12:34 1232

Литва сыртқы істер министрі Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды ұсынады

Литва сыртқы істер министрі Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды ұсынады

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Литва сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкас бүгін Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесу барысында Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

В. Ушацкастың айтуынша, Литва бұрынғы кеңестік кеңістіктен ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтын бірінші ел - Қазақстан болатынын мақұлдайды. "Біз министрмен жеке кездесу кезінде сіздің ел ұйымға төрағалық жасайтын мерзімде екі елдің бірлесе жүзеге асыра және ілгерілете алатын салалары мен бастамалары жайлы әңгімеледік", - деді Литва сіртқы істер министрі.

Сонымен бірге, В. Ушацкастың айтуынша, Алматыда өтетін бизнес-форумға Литваның 20 кәсіпкері қатысады. Литва сыртқы істер министрі бизнес-форум кезінде Қазақстан мен Литва ғаламдық дағдарыс уақытында екі ел экономикасын бірлесе қолдау үшін нақты шешімдер табады дегенге сенім білдірді. "Біз екі жақтың мүддесіне бірдей сай келетін мүмкіндіктерді табамыз деп сенеміз", - деп мәлімдеді В. Ушацкас.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны