21.08.2006, 16:56 3017

Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ. Өйткені бұл елде әлі де күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осы процеске белсене атсалысушы Франция секілді бірқатар Еуропа елдерінің өзі Ливанға өз бітімгершілерін жіберуге асықпай отыр, өйткені, ол үшін бірқатар шарттар орындалуы керек",- деді Е.Ашықбаев.

"Біз әрине, ахуалға мониторинг жүргізіп отырмыз. Дегенмен, қазіргі жағдаймен Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ",- деді ол.

"Қазір ҚР СІМ Ливанға қайырымдылық көмек жіберу мәселесін қарап жатыр",- деді Е.Ашықбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны