26.06.2008, 17:39 2790

Люксембург Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады - премьер Юнкер

Люксембург Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады - премьер Юнкер

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Люксембург арасында стратегиялық серіктестік байланыс орнатылуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүзбе-жүз келіссөздер барысында Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкер мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан мен Люксембург арасында стратегиялық серіктестік байланыс орнатылуға тиіс екені айқын", -деді Жан-Клод Юнкер. Ол "Қазақстанның өңірдегі шешуші ойыншы екенін" атап өтті. "Меніңше, Қазақстан тұрақтылық пен орнықтылықтың тұтынушысы емес, өңірдегі осы тұрақтылықтың генераторы", -деді Люксембург премьер-министрі.

Люксембург үкімет басшысы "Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы республиканың дамуына тың серпін береді" деп сенеді. "Менің пайымдауымша, бұл төрағалық Қазақстан үшін ұлы сәт болмақ, өйткені, сіздің өңірдің мемлекеті алғаш рет ЕҚЫҰ-ына төраға болады", - деді ол.

Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $9,6 млн жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Люксембургтен Қазақстанға электрлік техникалық жабдықтар, тоқыма өнімдері мен металл импортталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Люксембург тарапынан Қазақстанға жұмсалған инвестициялардың көлемі $103 млн болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны