26.06.2008, 18:33 2866

Люксембург премьер-министрінің Қазақстанға сапары екі жақты ынтымақтастыққа жаңаша серпін береді - Назарбаев

Люксембург премьер-министрінің Қазақстанға сапары екі жақты ынтымақтастыққа жаңаша серпін береді - Назарбаев

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкердің Қазақстанға сапары екі жақты ынтымақтастыққа жаңаша серпін береді. Бүгін Астанада Люксембург үкімет басшысымен келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Люксембург Еуропаның жүрегі ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстанда біздер де премьер-министр Жан-Клод Юнкердің сапарын Еуропаның Қазақстанмен арадағы екі жақты қарым-қатынасты дамытуға деген жарқын ниетінің көрінісі ретінде бағалаймыз", - деді мемлекет басшысы. "Бұл сапар Люксембургпен арадағы қарым-қатынасты дамытуға ғана емес, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығына да тың серпін береді деп сенемін", - деді ол.

Назарбаев "қазір Еуропалық Одақтың Қазақстан үшін №1 сауда серіктесі екенін" атап өтті. "Біз жалпы ЕО-пен және әрбір ЕО мүше елмен жеке байланыстырымызды нығайта түспекпіз", -деді президент.

"Жуырда біз Парижде президент Саркозимен бірге Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойдық. Біз енді Еуропалық Одақтың әрбір мемлекетімен осындай келісімге келгіміз келеді", - деді ол.

Өз кезегінде Люксембург үкімет басшысы Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты кеңейтуден мүдделі екенін атап өтті. "Біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ел екенін және ілгерілеушілікке қарай жылжи түскенін көріп отырмыз", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны