25.06.2007, 18:42 3091

Лондонда "Kazakhstan Growth Forum" атты конференция өтеді

АСТАНА. 26-маусым.Kazakhstan Today. 27-29 маусымда Лондонда "Kazakhstan Growth Forum Қазақстан: өсудің жаңа көкжиектері" деп аталатын конференция өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Конференцияға 600-ден астам жеке және мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар және БАҚ, сондай-ақ қазақстандық жеке сектор өкілдері қатысады . Осы конференцияға қатысып, баяндама жасайтындығын бүгінге дейін Лондон Ситидің Лорд Мэрі Дж.Статтард, ЕДҚБ-нің президенті Ж.Лемьер, Қазақстан-Британ Қоғамының төрағасы Лорд Фрейзер мырзалар қуаттады. Қазақстаннан бұл шараға қазақстандық жеке секторының өкілдік делегациясы күтілуде.

Конференцияны Қазақстанның саяси-экономикалық, инвестициялық климаты, заңнамалық және салық базасын негізі, мұнай мен газ, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік және құрылыс, металлургия, электроэнергетика, көлік және инфрақұрылым, агрокәсіптік кешені секілді экономиканың барлық секторларының даму мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік беретін 3 күндік іс-шара түрінде өткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны