18.10.2012, 15:53 3394

Лондонда Қазақстанның III бизнес-форумы (ҚБФ) өтуде

Форумда Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты іскерлік байланыстарын дамыту, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның Еуропалық кеңістікке экономикалық жағынан ықпалдасуының келешегі, сондай-ақ индустриялық - инновациялық бағдарламаны, аграрлық және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр.

Лондон. 18-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Лондонда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған III қазақстандық бизнес-форум (ҚБФ) өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумда Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты іскерлік байланыстарын дамыту, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның Еуропалық кеңістікке экономикалық жағынан ықпалдасуының келешегі, сондай-ақ индустриялық - инновациялық бағдарламаны, аграрлық және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр.

Сонымен бірге, бизнес-форум аясында екі елдің кәсіпкерлік қоғамдастығының өзара қарым-қатынасының перспективалық бағыттары, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған жаңа жобалар мен міндеттерді ілгері жылжытудың жай-күйі қаралады. Сондай-ақ, ҚБФ алаңында Қазақстанның министрліктер мен ірі ұлттық компаниялар басшылары британдық және еуропалық іскер топ өкілдерімен консультациялар өткізеді.

Форумның құрметті қонақтарының ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ұлыбританияның сауда және инвестициялар істері жөніндегі министрі Лорд Грин, Лондон қор биожасының президенті Ксавье Роле, Ұлыбританияның Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрайымы Леди Барбара Джадж және басқалар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны