11.08.2011, 10:05 3394

Лукашенко Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ бейресми саммитіне қатысады

Болжанып отырғандай, келіссөздер барысында халықаралық күн тәртібінің көкейкесті мәселелері, сонымен қатар ҰҚШҰ кеңістігіндегі ахуал талқыланады.

Алматы. 11-тамыз. Kazakhstan Today - Лукашенко Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ бейресми саммитіне қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко 11 тамызда Қазақстан Республикасына ресми сапармен келіп, Қазақстанда өтетін, ҰҚШҰ мемлекет басшыларының ресми емес кездесулері мен бейресми саммитіне қатысады. Бұл туралы БЕЛТАға Беларусь Басшының баспасөз қызметі хабарлаған.

Болжанып отырғандай, келіссөздер барысында халықаралық күн тәртібінің көкейкесті мәселелері, сонымен қатар ҰҚШҰ кеңістігіндегі ахуал талқыланады.

Қазақстандағы сапары аяқталғаннан кейін Александр Лукашенко Катар мемлекетіне ресми сапармен барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны