23.06.2008, 17:44 2668

Лукашенко мен Медведев екі елдің қарым-қатынасын дамыту туралы декларацияға қол қойды

Лукашенко мен Медведев екі елдің қарым-қатынасын дамыту туралы декларацияға қол қойды

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Беларусь еліне сапарының қорытындысы бойынша екі мемлекет басшысы Дмитрий Медведев пен Александр Лукашенко екі елдің қарым-қатынасын дамыту, ұжымдық қауіпсіздік жүйесі мен гуманитарлық байланыстарды нығайтуды бағдар етіп алған бірлескен декларацияға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Декларацияда атап көрсетілгеніндей, Кедендік одақты құруға, біртұтас тарифтік және тарифтік емес саясат жүргізуге, өзара сауда-саттықты тежеп отырған кедергілерді жоюға бағытталған қарқынды жұмыстар жүргізіледі.

Ресей мен Беларусь сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстың қортындысына ревизия жүргізуге бағытталған талпыныстарды айыптады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны