26.10.2009, 14:07 2599

Мадридте өтетін консультацияларда Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы және Испанияның ЕО-дағы 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы төрағалығын үйлестіру мәселелері талқыланады

Мадридте өтетін консультацияларда Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы және Испанияның ЕО-дағы 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы төрағалығын үйлестіру мәселелері талқыланады

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мадридте 30 қазанда екі ел сыртқы істер ведомстволары арасында қазақстан -испан консультациялары өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

СІМ ақпаратына сәйкес, Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов , ал испан жағын Испанияның сыртқы істер ведомствосының мемлекеттік хатшысы Анхель Лоссада басқармақ.

"Дипломаттар аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы және Испанияның ЕО-дағы 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы төрағалығын үйлестіру, әртүрлі деңгейдегі сапарларды қоса алғанда екі жақты қатынастар мәселелерін қарастырады деп күтілуде",- деді І.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны