Система Orphus

Македония Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

25.06.2012, 17:15 2374

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - 1-3 шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен Македония Республикасының Президенті Георгий Иванов келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, сапар барысында Македония Президентінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесулері жоспарланған.

"Келіссөздер аясында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың казіргі таңдағы ахуалы мен келешегі бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Македония арасындағы халықаралық және аумақтық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқыға салмақ", - деді А.Ибибуллаев.

Айта кетейік, 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,063 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

Ең көп оқылғаны