15.06.2012, 11:37 2785

Маңғыстау облысында бұрғылау баржасы суға түсірілді - баспасөз баяны

Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының соңында бірінші вице-премьер С.Ахметов бұрғылау баржасын суға түсіру рәсіміне қатысты. Бұл баржа қазақстандық теңіз қайраңының перспективалық учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының соңында бірінші вице-премьер С.Ахметов бұрғылау баржасын суға түсіру рәсіміне қатысты. Бұл баржа қазақстандық теңіз қайраңының перспективалық учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.

"Жобаның жүзеге асырылуы Каспий қайраңын игеру жөніндегі ел стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осы күнге дейін Қазақстанға қарасты теңіз қайраңын барлау және бұрғылау жұмыстары шет елдерде салынған баржалар арқылы жүргізіліп келді. Бұл солтүстік Каспий жобасының сұранысын қанағаттандыру үшін алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін Қазақстан теңіз инфрақұрылымындағы алғашқы өндірістердің бірі", - деді С.Ахметов салтанатты барысында. Баржаның салмағы 6,4 мың тоннаны құрайды, бұрғылау құрылғысы 2,5-5,5 метр таяздықта жұмыс істеуге арналған.

"Мен алдағы уақытта да Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін. Менің ойымша, бұл біздің алғашқы базамыз. Біз Каспий қайраңын Қазақстанның қалай игеріп жатқанына куәміз", - деді іс-шара барысында Қазақстандағы Корея елшісі Бэк Джу Хэн.

Аталмыш жобаның құны 150 млн. доллар, тапсырыс беруші Daewoo Shipbuilding&Marine Engineering Co., LTD" компаниясы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны