20.10.2010, 17:44 4200

Мәскеу басшылығы қала орталығына жеке көлікпен кіруді ақылы ету идеясына қайта оралды

Мәскеу басшылығы қала орталығына жеке көлікпен кіруді ақылы ету идеясына қайта оралды

Алматы. 20 - қазан. Kazakhstan Today - Мәскеу басшылығы қала орталығына жеке көлікпен кіруді ақылы ету идеясына қайта оралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

РБК хабарлауынша, Мәскеу үкіметінде ақылы кіру сызбасы "2010-2013 жылдарға арналған Мәскеу қаласындағы қалалық жүргізушілер көлігін дамыту концепциясы туралы" қаулы жобасында қаралуда. Құжатта қаланың орталықтарына жеке көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін, деп атап көрсетілген.

Мұндай шара қоғамдық көліктерге басымдылық беріп, оның қозғалыс жылдамдығын арттыруға өз септігін тигізеді.

"Қоғамдық көлік саласындағы саясаттың мақсаты халықты қауіпсіз, қол жетімді, жан-жаққа тарамды көлік қызметімен қамтамасыз ету болып табылады",- деп айтылған қаулы жобасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны