26.03.2007, 18:21 3152

Мәскеу қаласында 30 наурызда ТМД экономикалық кеңесінің 33-ші мәжілісі өтеді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Мәскеу қаласында 30 наурызда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) экономикалық кеңесінің 33-ші мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мәжіліс барысында энергетика, ветеринария, құрылыс және бірқатар ұйымдастыру мәселелер талқыланатын болады. Сонымен бірге, тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық қорының мүшелері қызметтерін қаржымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселені талқылайды",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны