11.01.2010, 17:12 3154

Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Елбасының шақыруы бойынша Қазақстанға келеді

Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Елбасының шақыруы бойынша Қазақстанға келеді

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл 16-18 қаңтар аралығында Елбасының шақыруы бойынша Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Патриархтың Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарланған. Олардың барысында бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтау ісінде мемлекет пен шіркеудің рөлі, әлемдегі, Ресей және Қазақстан қоғамдарындағы дінаралық диалогтың келешегі, Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Үшінші құрылтайының қорытындылары және 2012 жылға жоспарланған Төртінші құрылтайға дайындық барысы талқыланатын болады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалық етуіне орай, нақтырақ айтқанда төрағалықтың нақты басымдықтарының бірі - қазіргі әлемде толеранттық идеяларын насихаттау, мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарда өзара сенімді арттыру, көпэтникалық қоғамдарда рухани шыдамдылыққа тәрбиелеу тақырыптары қозғалатын болады.

Сапар барысында Патриарх Алматыдағы Вознесенский кафедралы соборында болып, православ жұртшылығымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ Астанада Успенский кафедралы соборында ғибадат ету рәсімін өткізеді. Қос қаланың шіркеулерінде Патриарх православтық мерекелерге байланысты дұға жасап, мінәжат етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны