Мәскеуде 11 қыркүйекте ТМД Экономикалық кеңесінің 43-ші отырысы өтеді
Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық делегация 11 қыркүйекте Мәскеу қаласында өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 43-ші отырысына қатысады.Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Күн тәртібінде 20 мәселе қаралады, оның ішінде ТМД елдерінің инновация саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығының негізгі бағыттары, ТМД елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасы туралы, ТМД елдерінің СПИД-ке қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-шаралар бағдарламасы, ТМД-ның 2010 жылға арналған ортақ бюджеті туралы мәселелер талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.