11.02.2008, 16:30 3009

Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

Мәскеу. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

ТМД Атқару комитетінің хабарлауынша, бейресми саммитке шақыру барлық ТМД мемлекет басшыларына жолданды. Олардың кейбірі келісімін берді.

Атап айтсақ, 20 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары басталады. ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, екі ел жетекшілерінің келіссөздеріне еуразиялық қоғамдастық тақырыбы өзек болмақ. 22 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев бе ресми саммитке қатысады.

Сонымен бірге, Грузия президенті Михаил Саакашвили РФ бірінші вице-премьері Сергей Ивановпен кездесуде саммитке міндетті түрде келетінін мәлімдеді. "Мен өзімнің қатысатынымды растадым, міндетті түрде келіп, бірінші кезекте Ресей президенті В.Путинмен әңгіме-дүкен құратын боламын",- деді ол.

ТМД Атқару комитетінің агенттік тілшісіне хабарлауынша, "галстуксіз өтетін" саммиттің күн тәртібі алдын-ала белгіленбейді.

Сарапшылардың бағалауынша, президенттер биліктен кеткелі жатқан В. Путин мен барлық болжам бойынша ізбасар деп саналған Дмитрий Медведевпен амандасу үшін келмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны