16.07.2007, 18:40 2826

Мәскеуде ертең ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Мәскеуде ертең, 17-шілдеде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың хабарлағанындай, кездесу барысында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің бұған дейінгі отырысының шешімдерін орындау мәселелері талқыланады.

Сонымен бірге, І. Омаровтың айтуынша, Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыруға қажетті құжаттарды дайындау барысына қатысты мәселелер мен ЕурАзЭҚ аясындағы ықпалдастыққа қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны