25.01.2008, 17:40 3163

Мәскеуде ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ құру жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойылды

Мәскеуде ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ құру жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойылды

Мәскеу. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде бүгін өткен Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында Беларусь, Қазақстан және Ресей үкімет басшылары Кедендік одақты құру жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кедендік одаққа қатысты құжаттарға қол қою рәсімінен кейін ЕурАзЭҚ елдерінің үкімет басшылары мен Қоғамдастық бас хатшысының журналистермен кездесуі өтті.

"Бұл аса жемісті кездесу болып, соның нәтижесінде құжаттар топтамасына қол қойылды", - деді Ресей премьері Виктор Зубков. Ол Кедендік одақты құру жөніндегі принциптік келісімге ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларының Сочиде өткен кездесуі барысында қол жеткізілгенін, бұдан кейінгі жұмыстар Душанбеде 2007 жылғы қазанда өткен саммитте жалғасын тапқанын еске салды.

"Біртұтас кедендік кеңістік президенттер жоспарлағанындай 2010 жылы құрылады", - деді В. Зубков. Ол "Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан да құжаттарды сәйкестендіріп, таяу уақыттарда Кедендік одаққа бірігеді дегенге сенім білдірді, "одақтың есігі ашық", деп атап өтті.

Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акиловтың айтуынша, "бүгін құжаттарға қол қойған елдер осы бағытта алға жылжып, Кедендік одаққа бірігетін болады".

А. Акилов отырыста 10 мәселе қаралғанын, олардың бәрі де ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық процестеріне байланысты екенін және әлеуметтік ахуалды жақсартуға бағытталғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны