19.03.2012, 10:33 3767

Мәскеуде ЕурАзЭК мемлекетаралық Кеңесінің мәжілісі өтеді

Бүгін, 19 наурыз күні Мәскеуде ЕурАзЭК-ке қатысушы Мемлекет басшылары мемлекетаралық Кеңес мәжілісі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады.

Мәскеу. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін, 19 наурыз күні Мәскеуде ЕурАзЭК-ке қатысушы Мемлекет басшылары мемлекетаралық Кеңес мәжілісі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы РФ Президентінің ресми сайтында хабарланған.

Алдағы саммитте ЕурАзЭК-ке қатысушы Мемлекет басшылары - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусия Президенті Александр Лукашенконың, Қырғызстан Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаевтың, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның және Қауымдастық жанындағы бақылаушы мемлекеттердің ( Армения, Республикасы, Молдов Республикасыа, Украина) қатысулары жоспарланған.

Аталмыш шараны өткізу ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің желтоқсандағы отырысында жоспаларланған болатын. Алдағы отырыстың күн тәртібінде - ЕурАзЭҚ-ты қайта құру мәселелерін талқылау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны