12.12.2008, 19:16 3036

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестің мәжілісі өтуде

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестің мәжілісі өтуде. Мәжілісте сөз сөйлеген РФ үкімет басшысы Владимир Путин "ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер күш біріктер отырып әлемдік қаржы дағдарысының кері зардаптарын еңсеруге дайын екенін" атап өтті.

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестің мәжілісі өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мәжілісте сөз сөйлеген РФ үкімет басшысы Владимир Путин "ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер күш біріктер отырып әлемдік қаржы дағдарысының кері зардаптарын еңсеруге дайын екенін" атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдердің үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестің мәжілісіне қатысады.

Кеше кешке Ресейге барған Кәрім Мәсімов жұмыс сапары барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕурАзЭҚ) қатысушы елдердің Үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестің мәжілісіне қатысады. Мәжілісте талқыланатын тақырыптардың бірі - Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-қа өз мүшелігін тоқтатуы туралы мәселе болмақ.

Сондай-ақ, Қазақстан премьер-министрінің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуі жоспарланып отыр. Кездесу барысында сауда-экономика саласындағы екі ел ынтымақтастығының ауқымды мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны