31.07.2006, 17:15 6609

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. Мәскеуде тамыздың 3-4-жұлдызында ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті 39- отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Отырыста қоғамдастықтың ағымдағы іс-қызметі, ЕурАзЭҚ аясындағы жоғарғы интеграциялық органдардың қарауына ұсынылатын құжаттардың жобасы, ЕурАзЭҚ-тың 2007-жылға арналған бюджетінің жобасы қаралады",- деді І.Омаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны