21.04.2009, 18:08 3060

Мәскеуде ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастықтың бірыңғай экономикалық аймақ қалыптыстыруға қажетті құқықтық негіздері талқылануда

Мәскеуде ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастықтың бірыңғай экономикалық аймақ қалыптыстыруға қажетті құқықтық негіздері талқылануда

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастықтың бірыңғай экономикалық аймақ қалыптыстыруға қажетті құқықтық негіздері талқылануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгін, 2009 жылғы 21 сәуірде, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов ресми делегация құрамында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесуіне қатысады. Күн тәртібінде - ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кедендік одағын құру мәселесі.

Ресей астанасындағы сапарында ҚР көлік ведомствосының басшысы РФ көлік министрі Игорь Левитинмен кездесіп, темір жол саласында табиғи монополия қызметтеріне қол жеткізуді реттеу жөніндегі келісім жобасына байланысты, сондай-ақ тарифтік саясат мәселелері талқылайды. Аталған келісім табиғи монополиялар саласы аясындағы темір жол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді мемлекеттік реттеудің бастапқы негіздерін, Еуроазиялық экономикалық ынтымақтастық елдердегі тарифтерді теңестіруге бағытталған жұмысты жүргізу үшін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне дискрминациясыз қол жеткізудің бірыңғай принциптерін, сонымен қатар жүк тасымалы тарифтерін реттеу саласындағы бірыңғай базасын құрудың негізгі принциптерін айқындайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны