21.12.2007, 10:35 1637

Мәскеуде Каспий газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Мәскеуде Каспий газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Мәскеу. 21-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бейсенбі күні Мәскеуде Ресей, Қазақстан мен Түркіменстанның Каспий газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы үш жақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Құжатқа Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қол қойылды. Қазақстан жағынан келісімге Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, Ресей жағынан - Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко, Түркіменстан жағынан - Түркіменстанның мемлекеттік көмірсутегі көздерін басқару және пайдалану агенттігінің атқарушы директоры Байраммұрат Мұратов қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Ресей президенті Владимир Путиннің тілшілерге хабарлағанындай, газ құбыры 2010 жылдың аяғына дейін салынып бітеді және ол Каспий теңізін шығыс жағалауынан айналып өтпек. "Жаңа энергетикалық күретамырды қалыптастыру біздің серіктестерімізді ұзақ уақытқа дейін ірі көлемде газбен қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі", - деп мәлімдеді Владимир Путин.

Сонымен қатар, Ресей - Қазақстан ынтымақтастығы тақырыбында әңгіме өрбіте отырып, Владимир Путин: "ЕҚЫҰ-ға келер болсақ, Ресей Астананы халықаралық деңгейде қолдап келген және қолдай бермек", - деп атап көрсетті. Сондай-ақ ол, "көптеген халықаралық мәселелер бойынша Ресей мен Қазақстанның көзқарастары ұқсас", деген пікірде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны