07.06.2006, 10:38 2846

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің елшілері клубының отырысы өтті

МИСКЕУ. 7-маусым. Kazakhstan Today. Кеше Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің елшілері клубының отырысы өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей СІМ –нің өкілдері қатысты. Сонымен бірге бас қосуға Шанхай ынтымақтастық ұйымының жанындағы бақылаушы елдер – Монғолия, Үндістан, Иран және Пәкістанның елшілері қатысты.

Кездесуге қатысушылар ұйымның іс-қызметі мен даму перспективасына қатысты мәселелерді талқылады.

Отырысқа қатысушылар ағымдағы жылы өткен сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері, мәдениет министрлері мен ұйымға мүше елдердің парламенттері жетекшілерінің кездесулерін ерекше атап өтті. Сонымен бірге биыл ұйымға мүше елдердің ұлттық зерттеу орталықтарының қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының “екінші жол” тетігі деген атауға ие болған форумы өтті.

Бұл клуб 2005-жылы құрылған. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап клубқа төрағалық жасау құқығы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Жансейіт Түймебаевтың құзырына көшкен болатын. Отырыстан кейін клуб іс-қызметінің регламентіне сәйкес, Ж.Түймебаев Клуб төрағасы өкілеттілігін өзінің қырғызстандық әріптесі Апас Жұмағұловқа өткеріп берді.




МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны