12.01.2009, 19:00 3089

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер өкілдері Ауғанстан жөніндегі арнайы конференциясының жайын талқылайды

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер өкілдері Ауғанстан жөніндегі арнайы конференциясының жайын талқылайды

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде 14 қаңтарда Ауғанстан жөнінде арнайы конференциясының мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін қарастыру мақсатында арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлері орынбасарларының кедесуі өтеді. Конференциға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрі орынбасары Н.Ермекбаев бастаған делегация қатыспақ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Терроризммен, есірткінің заңсыз айналымымен және ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерін қарастыратын арнайы халықаралық конференция мүше және бақылаушы мемлекеттер, Ауғанстан мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдар және Ауғанстанның қатысуымен алдағы наурыз айында өтеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны