11.09.2006, 18:12 3363

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің отырысында Достастық органдарының 2007-жылға арналған бюджетінің жобасы талқыланады

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. 15-қыркүйекте Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің 31-отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Отырыс күн тәртібі бойынша талқыланатын маңызды мәселелердің бірі - ұйымға мүше-елдердің бюджетінен бөлінетін Достастық органдарының 2007-жылға арналған бюджетінің жобасы болмақ",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны