19.03.2007, 18:26 3018

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

МИНСК. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Мәскеуде ертең, 20-наурызда ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

Отырыста бұрындары қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамалардың жобасы қаралады. Атап айтсақ, 1992-жылдың 13-наурызында қол қойылған "Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында келісілген саясат жүргізу туралы келісім"; 1995-жылдың 10-ақпанында қол қойылған "Метрологиялық аттестациялау мен тексеру мақсатында тасымалданатын нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандартты үлгі-нұсқаларды алып өтуге арнаулы рұқсаттар беру, салық пен кедендік баж салықтарынан босату жөніндегі келісім"; 1993-жылдың 12-наурызында қол қойылған "Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және олармен теңестірілген тұлғалардың жеңілдікпен жүріп-тұру құқығын өзара мойындау туралы келісімдерге" енгізілетін өзгерістердің жобасы қаралады.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдерде 2010-жылға дейін ауылшаруашылығы техникасы, машиналар мен механизмдердің лизингтік жүйесін дамыту шараларының жобасы туралы және химия және мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңестің іс-қызметі туралы талқыланады.

Сонымен бірге отырыста ТМД-ға қатысушы елдердің сарапшыларының еркін сауда аймағының жұмыс істеу мәселелеріне арналған 2007-жылғы 20-21-ақпандағы кеңесінің қорытындысын, бұған қоса экономикалық ынтымақтастық департаментінің ТМД аясындағы сыртқы экономикалық алыс-берістегі тауар номенклатурасын Тауарларды сипаттау және оларға код тағайындау жөніндегі өзара үйлестірілген жүйеге сәйкестендіру жөніндегі жазбаша ақпаратты талқылау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны