21.02.2008, 18:44 3039

Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

Мәскеу. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 22 ақпан, жұмада Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді. Армения президенті Роберт Кочаряннан басқа Достастық мемлекет басшыларының бәрі шараға қатысатынын растады. (Өздеріңізге мәлім, 19 ақпанда Арменияда президент сайлауы өтіп, онда елдің үкімет басшысы Серж Саркисян жеңіске жетті. Роберт Кочарян сайлауға қатысқан жоқ. Конституцияға сәйкес бір адам президент лауазымын екі мәрте иемдене алмайды).

Саммите В. Путин өзінің мұрагері Дмитрий Медведевті ресми түрде таныстырып, әріптестеріне өзінің президенттік орынтақта атқарған іс-қызметінің қысқаша қорытындысын таныстырып, мемлекет басшыларына ТМД және посткеңестік кеңістік аясында құрылған басқа да ұйымдар шеңберіндегі бірлескен жұмыстары үшін ризашылық білдіреді деп күтілуде, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетіндегілер. Бұған қоса, агенттікке мәлім болғанындай, ТМД президенттері Косоводағы оқиға жайлы талқылайды.

Мемлекет басшыларының саммиті Мәскеудегі Халықтар достығы сарайында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны