04.02.2009, 18:21 3162

Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру жөніндегі шешімге қол қойылды

Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру жөніндегі шешімге қол қойылды

Мәскеу. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру жөніндегі шешімге қол қойылды. Мұндай шешім Кремльде бүгін өткен Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Саммитке Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттері қатысуда. Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды - ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау және ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі.

Сессияда ҰҚШҰ қазіргі бас хатшысы Николай Бордюжаның өкілеттілігін созу және ұйымның ағымдағы жылдағы бюджеті туралы мәселе мен Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын 2009 жылғы маусымда Мәскекде өткізу туралы шешім қабалданды.

Кеше Мәскеуге келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мәжілісіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев саммит қорытындысына қанағаттанғандық білдірді. Президент бұл шешім ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін біршама арттырады деген пікірде.

Түстен кейін Қазақстан президенті ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісіне қатысады.

Елбасымен еріп жүрген ресми делегацияның құрамында - Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетов, президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қайрат Сарыбай, президенттің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов, Қорғаныс министрі Даниал Ахметов, Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Қаржы министрі Болат Жәмішев және басқалар бар.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Мәскеуде бүгін, ақпанның 4-інде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Аталған отырыстар барысында 2008 жылғы желтоқсанның 19-ы мен 21-і аралығында Бурабайда өткен мемлекет басшылары саммитіндегі бастамаға сәйкес ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Бурабайдағы саммитте қол жеткен келісімдерге сай ЕурАзЭҚ Үкіметаралық кеңесінің отырысында 10 млрд доллар көлеміндегі ортақ қаражатпен Илемдік дағдарысқа қарсы қорды және Жоғары технологиялар орталығын құру мәселелері қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны