02.02.2009, 18:35 2922

Мәскеуде ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланбақ

Мәскеуде ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланбақ

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Мәскеуде 4 ақпанда ҰҚШҰ сыртқы істер, қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтпек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Аталмыш отырыстар барысында 2008 жылы 19-21 желтоқсан аралығында Бурабайда өткен мемлекет басшылары саммитіндегі бастамаға сәйкес ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланбақ.

Сонымен қатар, Бурабайдағы саммитте қол жеткен келісімдерге сай Ғаламдық дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялар орталығын құру мәселелері қарастыратын ЕурАзЭҚ Үкіметаралық кеңесі отырысы өтпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны