11.05.2010, 10:30 1585

Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан президенті бірқатар кездесулер өткізді

Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан Републикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларымен: ҚХР басшысы - Ху Цзиньтаомен, Ресей басшысы - Дмитрий Медведевпен, Вьетнам басшысы - Минь Чиет Нгуенмен, Словакия басшысы - Иван Гашпаровичпен.....

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан Републикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларымен: ҚХР басшысы - Ху Цзиньтаомен, Ресей басшысы - Дмитрий Медведевпен, Вьетнам басшысы - Минь Чиет Нгуенмен, Словакия басшысы - Иван Гашпаровичпен, Эстония басшысы - Томас Хендрик Ильвеспен, Болгария басшысы - Георги Пырвановпен, Армения басшысы - Серж Саргсянмен, Изербайжан басшысы - Ильхам Алиевпен, Израиль басшысы - Шимон Переспен және Германия Федералдық канцлері - Ангела Меркельмен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған әскери парадқа, сондай-ақ Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Мәскеудегі салтанатты іс-шараларға ТМД және бірқатар шет ел мемлекеттерінің басшылары қатысты. Қызыл алаңмен антигитлерлік коалицияның және ТМД-ға мүше мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның әскери бөлімдері жүріп өтті.

Бұған қоса, президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысты.

Кездесуге Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Молдова Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Михай Гимпу, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов, Украина президенті Виктор Янукович, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Шавкат Мирзиёев қатысты. Саммит барысында көптарапты ынтымақтастықтың кең көлемдегі мәселелері талқыланды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Кездесуге Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Шавкат Мирзиёев қатысты. Бейресми саммит барысында ҰҚШҰ аясындағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны