30.07.2008, 18:41 2912

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шеп-2008" жаттығуларының екінші кезеңі өтуде

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шеп-2008" жаттығуларының екінші кезеңі өтуде

Алматы. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бірлескен командалық-штабтық "Шеп-2008" жаттығуларының екінші кезеңі Мәскеуде ҰҚШҰ бірлескен штабында өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Екінші кезең барысында агрессиялық акт жасалуы мүмкін ұйымға мүше мемлекетке әскери және әскери-техникалық көмек көрсету мәселелерін пысықтау керек", - деді ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков.

Оның айтуынша, заң жүзінде бұл мәселе 2007 жылдың қазан айында шешіліп қойған. Ол кезде ҰҚШҰ ұйымына мүше мемлекет басшылары Душанбеде өткен саммитте қандайбір басқыншылық қаупі туындаған немесе агрессия жасалған кезде ҰҚШҰ мүше мемлекетке әскери-техникалық көмек көрсету механизмі жөніндегі хаттамаға қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны