14.07.2009, 10:20 1238

Мәскеудегі орталық ипподромның 175 жылдық мерейтойын тойлау барысында ТМД елдерінің мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар көкейкесті мәселелерді талқылайды

Мәскеудегі орталық ипподромның 175 жылдық мерейтойын тойлау барысында ТМД елдерінің мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар көкейкесті мәселелерді талқылайды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеудегі орталық ипподромның 175 жылдық мерейтойын тойлау барысында ТМД елдерінің мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар көкейкесті мәселелерді талқылайды. . Бұл туралы кеше Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "18-шілдеде Мәскеудегі орталық ипподромның 175 жылдық мерейтойы тойланады. Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен ТМД елдерінің мемлекет басшылары осы шараға қатысады деп күтілуде".

"Бейресми кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар көкейкесті мәселелері талқыланады деп көзделуде", деді брифингте Е. Ашықбаев.

Мәскеудің орталық иподромы 19-шы ғасырда салынған. Ол Ресейдегі ең үлкен, Еуропадағы ежелгі ипподромдардың бірі. Бұл бірегей ғимарат сонымен қатар Бүкілресейлік жылқы шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны