30.07.2007, 17:35 3064

Мәслихат депутаттығына тіркелген 54 үміткер сайлауға қатыса алмайды - Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Мәслихат депутаттығына тіркелген 54 үміткер сайлауға қатыса алмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мәслихат депутаттығына 51 үміткер өзінің кандидатурасын қайтарып алды. Тағы үш үміткерді тіркеуден бас тартылды",- деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұрын хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде ат ұсынған 9128 адамның 8744-і тіркелген. Олардың 1609 - облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихатына үміткерлер, 5344 - аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, 1791 - қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны