11.06.2007, 17:46 2691

Маусымның ортасында Қазақстанға Ауғанстанның бірінші вице-президенті келеді

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. 13-15 маусым аралығында Қазақстанға Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ахмад Зия Масуд бастаған делегациясы келеді, деп күтілуде. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Делегация құрамына Ауғанстанның мемлекеттік органдарының басшылары мен іскер тобы кіреді",- деді Е. Ашықбаев. "Екі жақ келіссөздер барысында саяси ынтымақтастық, экономикалық өзара ықпалдастық, аймақтық бірігу, қауіпсіздік, есірткі өндірумен және таратумен, халықаралық терроризммен күрес мәселелерін талқылайды",- деп қосты ол.

Сыртқы саясат мекемесінің өкілдері, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі саласы сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, транспорт, геология, білім және денсалулық сақтау саласы болып табылатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны