20.02.2008, 17:38 2748

Мәжіліс депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясына қатысады

Мәжіліс депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясына қатысады

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясына қатысады, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Вена қаласында 2008 жылдың ақпан айының 21 мен 22 күндері өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы жетінші сессиясына қатысады ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қысқы жетінші сессияның жұмысы үш ортақ комитеттің отырысымен басталады, онда Австрия Ұлттық кеңесінің төрайымы Барбара Праммер мен ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Илкки Канерваның жолдауы тыңдалады.

Мәжіліс депутаты Нұрбақ Рүстемов саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жалпы комитеттің отырысына қатысса, оның әріптесі Светлана Бычкова - демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттің отырысына қатысады.

22 ақпанда жалпы комитеттердің біріккен жиналысы өтеді, оған қатысушылар Косоводағы ахуал секілді саяси мәселелерді талқылайды.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы жетінші сессиясының бағдарламасы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Йоран Леннмаркердің қорытынды сөзімен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны