03.12.2008, 11:54 1501

Мәжіліс депутаттары Ерқанат Тайжановтың депутаттық өкілеттіліктен бас тарту жөніндегі шешімін қолдады

Мәжіліс депутаттары Ерқанат Тайжановтың депутаттық өкілеттіліктен бас тарту жөніндегі шешімін қолдады

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары Ерқанат Тайжановтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен аяқтау жөніндегі шешімін қолдады. Бұл шешім үшін төменгі палата депутаттары бүгін мәжілістің жалпы отырысында басым қолдап дауыс берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен отставкаға кетуге шешім қабылдадым, бұл дербес әрі салмақталған шешім. Мен өзіме парламентте жұмыс істеуге мүмкіндік берген мемлекет басшысына айрықша ризашылығымды білдіргім келеді. Мен "Нұр Отан" ХДП мүшесі болып қала беремін, құрметті мәжіліс депутаттары, сіздермен алдағы уақытта түрлі жобаларда бірлесе жұмыс істейміз деп сенемін", - деді Е. Тайжанов.

Өз кезегінде мәжіліс депутаттары Е.Тайжановтың өз еркімен отставкаға кетуіне байланысты оның депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтауға негіз бар екендігін анықтаған ОСК қаулысы үшін дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны