16.10.2006, 17:14 3414

Мәжіліс спикері басқарған Қазақстан өкілдері Парламентаралық одақ Ассамблеясының кезекті сессиясына қатысады

АСТАНА. 16 қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов бастаған парламент делегациясы жуырда Женеваға (Швейцария) аттанды, онда олар Парламентаралық одақ Ассамлеясының кезекті сессиясына қатысады, деп хабарлады мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі Kazakhstan Today тілшісіне.

"Қос палата депутаттары қазанның 15 мен 18 аралығында Парламентаралық одақ Ассамблеясының 115- сессиясының жұмысына қатысады. Ассамблея 1889 жылы құрылған. Оның құрамына 146 елдің парламенті мүше", -деп атап өтті баспасөз қызметі.

Мәжіліс спикері О.Мұхамеджанов бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комитеттің алғашқы отырысында " Бейбітшілікті қолдаудағы парламенттер мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық" тақырыбында баяндама жасайды деп күтілуде.

Швейцарияға сапары аясында мәжіліс төрағасы бірқатар кездесулер өткізеді. Атап айтқанда , Парламентаралық одақтың бас хатшысы Андерс Джонсонмен, одақ төрағасы Пьер Казанимен, сондай -ақ , Болгария , Ұлыбритания және Финляндия өкілдерімен кездесу жоспарланған. Спикер "Еуразия" геосаяси тобының отырысына да қатысады.

Қазақстан делегациясы Женевадан Бельгияға аттанады. 18 қазаннан 22 қазан аралығына жоспарланған сапардың мақсаты - Қазақстан мен Белгия арасындағы диалогты нығайту, әсіресе парламентаралық қарым-қатынасты күшейту, дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Бельгия басшылығымен, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, сыртқы істер министрі Карел де Гюхтпен кездесу барысында "Қазақстанның 2009 жылы ұйымға төрағалық ету ниетіне қатысты және Дүниежүзі сауда ұйымына кіруге дайындық мәселелері қаралады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны