11.03.2007, 14:46 3171

Мәжіліс спикері бастаған қазақстандық парламентшілер Ұлыбританияға сапармен барады

АСТАНА. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Мәжіліс спикері бастаған қазақстандық парламентшілер Ұлыбританияға сапармен барады. Сапар наурыздың 18 мен 21 аралығына межеленген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Ұлыбританияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Пол Браммелдің бүгін Астанада өткен кездесуінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси диалог пен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыта нығайту қажеттігі атап көрсетілді.

Өз кезегінде елші парламентшілердің Ұлыбританияға жасайтын алдағы сапары екі жақ үшін де жемісті болады дегенге сенім білдірді. П.Браммелдің пайымдауынша, сапар тек парламентаралық байланыстарды байытып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге, соның ішінде Қазақстан нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуге де қызмет етпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны